“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Ақпараттық хабарландыру.

[Дата публикации: 06.04.2021, 15:15:54, жариялауды: Әкімшілік]

 

Құрметті Қарағанды индустриялық университетінің студенттері!

«Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ әскери кафедрасы запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бойынша оқу бағдарламаларына студенттерді қабылдайды.

2021 жылдың 22 ақпанынан бастап әскери кафедрада оқуға құжаттар қабылдануда.

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқуға құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші курстың (5 жылдық оқумен) студенттерінен (ұлдар мен қыздардан) тек күндізгі бөлімде оқитын, азаматтығы бар 24 жасқа дейінгі денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды Қазақстан Республикасының азаматтарынан қабылданады.

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқуға құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен), бірінші қысқартылған және бірінші, екінші, үшінші курстардағы (5 жылдық оқумен) тек күндізгі бөлім оқитын, азаматтығы бар, 24 жасқа толмаған студенттер (ұл балалар), денсаулығына байланысты әскери қызметке жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Медициналық комиссияға ақпарат алу және жолдау үшін сіз мына мекен-жайға келуіңіз керек: Қарағанды қ., Юбилейная к-сі, 33, 204 кабинет. Жұмыс уақыты 09.00-ден 17.00-ге дейін, түскі ас 12.00-ден 13.00-ге дейін, сенбі демалыс күні. №1 және 5 автобустармен «Амбулатория» аялдамасына дейін барасыз. Сізде жеке куәлік пен әскери тіркеу туралы куәлік болуы керек (ұлдар).

Запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау бағдарламасына сәйкес конкурстық іріктеу кезінде белгіленген рейтингтік балл алғандар ақылы негізде оқытылатын болады. Оқу мерзімі запастағы офицерлер үшін 2 жыл, запастағы сержанттар үшін 1 жыл.

Әскери кафедра мен университетті бітіргеннен кейін оған «запастағы лейтенант» және «запастағы сержант» әскери атағы беріледі.

Конкурс туралы толығырақ сілтеме бойынша білуге болады:

Құжатты ашу


Просмотров: 779
06.04.2021, 15:15:54, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар