“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелері онлайн-кездесу өткізді

[Дата публикации: 30.04.2021, 11:27:26, жариялауды: Әкімшілік]

 

27 сәуірде Қарағанды  индустриялық университетінің «Парасаттылық  мектебінің» ұйымдастырумен «Саналы ұрпақ» студенттік клубы» университеттің 3,4 курста білім алушыларымен Академиялық адалдық Кодексі және Әдеп ережелері сияқты құықтық-нормативтік құжаттар бойынша онлайн кездесу өткізді.

Кездесу мақсаты – қабылданған академиялық адалдық принциптерін, олардың сақталу тәртіптерін, ереже бұзылу түрлерін, академиялық ақпаратты заңсыз пайдалану және оның зардабын, Кодекс принциптері бұзылған жағдайда қолданылатын жаза түрлерін талдай отырып, ҚарИУ білім алушыларының парасаттылық мәдениетін көтеру.

Онлайн кездесуді жүргізген – «Саналы ұрпақ» студенттік клубының ақпараттық насихат секторының жетекшісі Сарсенова Жайлыгүл және «Парасаттылық мониторингі» секторының жетекшісі Ибраева Амина. Клуб мүшелері «Таза сессия» акциясының мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, жаңа буын жастарын парасатты қоғам құрудың негізгі күші ретінде адал білім алып, адал еңбек етуді ғана мақсат етуге шақырды.


Просмотров: 951
30.04.2021, 11:27:26, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар