“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ кітапханасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық » жобасын белсенді жүзеге асыруда

[Дата публикации: 09.04.2021, 12:23:58, жариялауды: Әкімшілік]

 

2020 жылдың соңына қарай Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық » жобасы шеңберінде мемлекеттен тегін кітаптар алды. Бұл қазақ тіліне аударылған әлемдегі философия, әлеуметтану, психология, дінтану, менеджмент, экономика, инновация, медиа және т.б. бойынша ең жақсы оқулықтары.

Осы оқу әдебиеттерінің барлығын біздің Қарағанды индустриялық университетінің оқытушылары оқу үдерісіне белсенді түрде енгізді.

Бірақ,  осы жобаға енген өнер туралы оқулықтарға тоқталайық. Олардың саны 15 асады. Бұл өнер тарихы, кинотану, театртану, музыкатану және теледидар тарихы мен философиясына арналған бірегей әдебиеттер.

Техникалық жоғары оқу орындарында шығармашылық пәндер оқытылмайтыны анық. Алайда, бұл кітаптар ҚарИУ ғылыми кітапханасының оқырмандарының назарынан тыс қалмады. Бұл кітаптардың мазмұны барлық мамандық студенттеріне пайдалы болуы мүмкін. Өйткені, өнер – бұл сұлулық стандарты, адамгершілік нұсқаулығы және өзін-өзі көрсету тәсілі. Өнермен байланыс адамды өзін өзі дамытуға  итермелейді. Рухани қарым-қатынас із-түзсіз өтпейді, өйткені әдебиет, әсіресе өнер туралы әдебиет бізді сұлулық, жақсылық пен әділеттілік заңдары бойынша өмір сүруге үйретеді.

Жоғары білім берудің міндеті – кәсіби дағдылар мен білімдерді игеру ғана емес, жас ұрпақтың адамгершілік және рухани өсуін дамыту. Дәл осы мақсатта Ғылыми кітапхана қызметкерлері студенттер мен оқытушыларға арналған «Қазақ тіліндегі 100 үздік оқулық» жобасы шеңберінде өнер саласына арналған әдебиеттерге арнайы таңдау жасады.

Бұл көркем әдебиеттің назардан тыс қалмағаны қуантады. Ол оқырмандардың назарын аударады. Студенттер қызығушылық танытты, кітаптарды оқуға алды, достарымен оқығандарынан алған әсерлерімен бөліседі. Үшінші мыңжылдықта жастардың жаңа буыны өмірге тұлғалық қасиеттерімен, құндылық қатынастарымен және өмірлік нұсқауларымен принципті түрде ерекшеленгендігін жоққа шығаруға болмайды. Соған қарамастан, қазіргі студенттердің әдемілікке деген құштарлығын жоғалтпаған, демек, олар тәрбиелі, мейірімді және әдепті тұлғаларға айналады деген сенімдеміз.


Просмотров: 878
09.04.2021, 12:23:58, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар