“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ Күміс университетінің алғашқы түлектері оқу бітірді

[Дата публикации: 10.03.2021, 11:38:47, жариялауды: Әкімшілік]

 

«Нұр Отан» партиясының аға ұрпақ өкілдерін қолдау жөніндегі бастамалық жобалары аясында 2021 жылдың ақпанында Қарағанды индустриялық университетінде «Күміс университеті» пилоттық жобасы іске қосылды. Жалпы, жоба басталғаннан бері 27 адам Күміс университетінде оқуға ниет білдірді. Жоба қатысушыларын «Компьютерлік сауаттылық» және «Кәсіпкерлік мектебі» сияқты бағыттар қатты қызықтырды. Сондай-ақ зейнет жасындағы теміртаулықтар өздерінің қызығушылықтарына сәйкес түрлі бағдарламалар бойынша білім алу мүмкіндігіне ие болды.

ҚарИУ Стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректоры Галина Александровна Сивякова «Күміс университеті» түлектерін оқудың аяқталуымен құттықтады. Түлектер өздерінің сүйікті курстарын аяқтағанына қатты өкінетіндіктерін білдіріп, қайта оқуға ниет білдірді.

«Күміс» университеттің алғашқы тобының жұмысын қорытындылай келе, талғампаз жастағы студенттеріміздің бұл бастамаға деген ынта-жігерін, дамуға және жаңа нәрсе үйренуге деген ұмтылысын атап өту керек. Біз түлектерімізді жаңа сыныптарда кездесуге күтеміз және оқуға ешқашан кеш емес екенін білеміз!

Еске салайық, «Күміс Университет» жобасы аясында компьютерлік сауаттылық курстарынан басқа қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік мектебі, шахмат клубы сияқты топтар жұмыс жасайды.


Просмотров: 537
10.03.2021, 11:38:47, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар