“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

КарИУ-да мектеп оқушылары үшін онлайн консультациялар өткізіледі

[Дата публикации: 02.03.2021, 16:53:51, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды индустриялық университетінің оқытушылары Теміртау қаласының және облыстың ауыл мектептерінің оқушылары үшін тегін онлайн консультациялар өткізеді. Барлық ниет білдірушілер үшін «Химия», «Математика», «Физика», «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша консультациялар өтуде.

Консультациялар оқушылардың білімін қалпына келтіру және оларды ҰБТ-ны сәтті тапсыруға дайындау мақсатында өткізіледі.

Ү.ж. 01 наурызда Нұра ауданы Кертінді кентіндегі М. Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына кеңес беру өтті. Біздің университет осы мектеппен 2018 жылдан бастап тығыз байланыста.

Мектеп оқушыларының консультациялары тұрақты негізде өтеді.


Просмотров: 798
02.03.2021, 16:53:51, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар