КарИУ-да TEDx форматында интерактивті алаң өткізілді
[Дата публикации: 02.03.2021, 16:22:57, жариялауды: Әкімшілік]
Алаң тақырыбы «Жаңа гуманитарлық білім» бағытына арналды және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өткізілді. Іс-шараны «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы ұйымдастырды.
TEDx форматында өткізілетін тәуелсіз іс-шаралар дегенді білдіреді. Бұл ғылымды насихаттауға арналған ғылыми конференция. Бұл жерде таратуға тұрарлық идеялар болуы керек.
Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Салпенова Мадина Мейрамқызы іс-шараны аша отырып, TEDx форматы қатысушыларға белгілі бір тақырып бойынша өз білімдерімен бөлісуге мүмкіндік беретіндігімен қызықты екенін атап өтті және барлық баяндамашыларға табыс тіледі.
Іс-шара барысында біздің қоғамның өзекті мәселелерін қамтитын қызықты баяндамалармен келесі студенттер сөз сөйледі:
1) Дмитрий Чарный «Өзін-өзі дамытудың пайдасы туралы» тақырыбымен.
2) Қосаева Ұлжан «Таңдау қиындығы» тақырыбын көтеріп талқыға салды.
3) Төлеген Ақерке Абай Құнанбаевтың «Толық Адам» концепциясын талқыға салды.
4) Куликбаева Жансая қазақ дәстүріндегі «Қызды алып қашу» салт дәстіріне жаңаша көзқарас ұсынды.
5) Алихан Табашев қазізгі таңдағы тіл мәселесін, соның ішінде үш тілділік туралы ой толғады.
6) Алишер Алиев қазіргі уақыттағы дін мәселесін қөтерді.
Конференция барысында қатысушылар аясынан көп сұрақтар қойылып оларға жауап алынды. Конференцияның жоғарғы деңгейде өткенін қатысышылар атап өтті. Конференция қорытындысы негізінде келесі қатысушылар марапатталды:
1) «Көрермендер көзайымы» номинациясынды – Куликбаева Жансая
2) «Ұтқыр ой» номинациясында – Қосаева Ұлжан
3) «Үздік спикер» – Төлеген Ақерке
Қатысушылардың барлығы флеш-накопительдерімен марапатталды.
КарИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 707