ҚарИУ оқытушылары мен қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі әдістемелік онлайн-семинарға белсенді қатысты үшін сертификаттар алды
[Дата публикации: 16.03.2021, 16:19:23, жариялауды: Әкімшілік]
2021 жылдың 24-26 ақпан аралығында Қарағанды индустриялық университетінің 50 астам оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Қарағанды облысының инновациялық-технологиялық дамуының әдістері мен үлгілерін іске асыру» атты әдістемелік онлайн-веб-семинарға қатысты. Семинардың ұйымдастырушысы – Жүйелік аналитика және үлгілеу академиясы, Қарағанды әдістемелік орталығының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, әдіскер Валерий Иванович Цой.
Семинарлардың басты мақсаты – Қарағандыда құрылатын әдістемелік орталыққа мүмкіндігінше көп адамды тарту. Нәтижесінде орталық қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен Қарағанды облысының белсенділері арасында диалог орнатуға мүмкіндік береді.
Үш семинардың да материалдарын зерттей отырып, вебинарларға қатысушылар жаңа басқарушылық тұрғыдан ойлау шеңберінде көптеген пайдалы ақпараттар алынды, олардың дамуы көбіне дәріскердің зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерімен анықталады. Алынған білімді біздің білім беру мекемесінің оқыту қызметінде пайдалануға болады.
Жобаны «Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығы және Жүйелік аналитика және үлгілеу академиясы (Нұр-Сұлтан қ.) бірге жүзеге асырды.
Просмотров: 661