“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

СӘУЛЕ СЕРІКБАЙҚЫЗЫ АЙНАБЕКОВАНЫ ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЫ (PHD) ДӘРЕЖЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

[Дата публикации: 30.03.2021, 11:32:14, жариялауды: Әкімшілік]

 

«Металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасының аға оқытушысы Сәуле Серікбайқызы Айнабекованы 6D071200 «Машинажасау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесімен құттықтаймыз.

Сәуле Серікбайқызы 2001 жылы Қарағанды металлургиялық институтының (казіргі Қарағанды индустриялық университеті) «Металдарды қысыммен өңдеу машиналары мен технологиялары» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

2002 жылы  «Металдарды қысыммен өңдеу машиналары мен технологиялары» мамандығы бойынша магистрлік диссертациясын қорғады.

2004 жылы Сәуле Серікбайқызы «Металдарды қысыммен өңдеу» мамандығы бойынша аспирантураны бітіріп, 2017 жылы «Машинажасау» мамандығы бойынша оқуын жалғастырды.

Оның ғылыми зерттеулер және ізденістерінің аумағы: «Ұсталы-штамптау цехтарын жобалау», «Ыстықтай және салқындай штамптау технологиялары», «Соғу технологиясы», «Престеу технологиясы», «Ыстықтай штамптау жабдықтары және технологиялары», «Штамптар және құрылғыларды жобалау» және «Сапаны басқарудың статистикалық әдістері».

Сәуле Серікбайқызына шығармашылық табыс,  жаңа ғылыми жетістер мен жаңалықтар тілейміз!

ҚарИУ баспасөз  қызметі


Просмотров: 513
30.03.2021, 11:32:14, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар