Қаламыздың мектеп оқушылары арасындағы пәндік олимпиаданың қорытындысы шығарылды
[Дата публикации: 15.03.2021, 17:04:54, жариялауды: Әкімшілік]
Бүгін, 2021 жылы 15 наурызда Қарағанды индустриаялық университетінде қаламыздың мектеп оқушылары арасындағы пәндік олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Еске сала кетейік, 2021 жылы 4 наурызда «Жаратылыстану және ғылыми пәндер» кафедрасының оқытушылары Теміртау қаласындағы мектептердің 11 сынып оқушыларына арналған олимпиаданы өткізді. Олимпиаданың мақсаты терең білім мен дағдыларды, жеке көзқарас пен пәннің логикалық көзқарасын талап ететін стандартты емес мәселелерді шеше алатын оқушыларды анықтау болды.
Пәндік олимпиаданың нәтижелері келесідей: математика пәні бойынша – бірінші орындар жоқ, екінші орынды Анар Хумархан (№29 мектеп) және Тимур Юн (Теміртау қ. Қлассикалық лицей), үшінші орынды Азамат Турдыбаев (№29 мектеп) иеленді. Физика – бірінші орындар жоқ, екінші орын Виктория Козлова (Теміртау қ. Классикалық лицей), үшінші орын Азамат Турдыбаев (№29 мектеп). Олимпиаданың нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ҚарИУ жоғары білім алған жағдайда оқудың бірінші жылы үшін жеңілдік беріледі: бірінші орынға 30%, екінші орынға 20%, үшінші орынға 10%. Олимпиаданың барлық тапсырмалары мектеп бағдарламасына қатысты сұрақтарды қамтыды, сонымен қатар ҰБТ ойдағыдай тапсыруға бағытталды.
Просмотров: 931