“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Наурыз тойы – береке, Наурыз тойы – мереке»

[Дата публикации: 17.03.2021, 16:03:17, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды индустриялық университетінде «Наурыз тойы – береке, Наурыз тойы – мереке» тақырыбында фотоколлаждар конкурсы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: ұлттық салт-дәстүрлерді, отбасылық дәстүрлерді насихаттау.

Студенттер байқауға отбасыларындағы Наурыз мерекесінің сәттері, маңызды оқиғалар мен халықтық дәстүрлер бейнеленген жарқын жұмыстарды ұсынды. Конкурсқа «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Бағдарламалық инженерия» мамандықтары бойынша оқитын 1 курс студенттері белсенді қатысты. Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз, қазылар алқасы қорытынды жасап, үздік жұмыстарды анықтайды.

Байқауға қатысушылардың үздік фотосуреттері 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ қосымша номинациялар бойынша грамоталармен марапатталады.


Просмотров: 679
17.03.2021, 16:03:17, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар