конкурс «ЛУЧШАЯ НАУЧНО-ИННОВАЦИОННАЯ ИДЕЯ»
[Дата публикации: 12.03.2021, 11:24:05, жариялауды: Әкімшілік]
«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ (бұдан әрі – ҚарИУ) жалпы, орта кәсіптік, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне, магистранттары мен білім алушыларына арналған «ЕҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯ» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) жариялайды.
Конкурс студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың ғылыми-инновациялық идеяларын дамыту үшін ғылыми әлеуетінің сапасын арттыруға үлес қосып, жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы мен кәсіби тәуелсіздігін арттыруға бағытталған.
Инновациялық идеялардың нәтижелерін Конкурстық комиссия қорытындылайды.
Өткізілетін күні: 15 сәуір 2021 жыл.
Конкурсқа келесі тақырыптар бойынша ғылыми жұмыстар қабылданады:
(01) Металлургия мен металтану саласын дамуындағы инновациялар;
(02) Цифрландыру, болашақ энергиясы және жасыл экономика;
(03) Машинажасау және көлік;
(04) Химия, химиялық технология және экология;
(05) Заманауи физика-математика ғылымдары;
(06) Архитектура және құрылыс;
(07) Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңғырту;
(08) Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы.
Конкурсқа қатысушылар университеттің веб-сайтына (kgiu.kz) тіркеліп, өтініш нысанын толтыруы керек.
Конкурсқа қатысу үшін келесі материалдарды ұсыну қажет:
1) жұмыстың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері, зерттеудің өзектілігі мен жаңашылдығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңызы мен ғылымның халықаралық деңгейіне сәйкестігі, келешегі көрсетілген бейнебаян (ұзақтығы 5 минуттан аспайды) оларды әрі қарай пайдалану.
2) жұмыстың қысқаша аңдатпасы және алынған нәтижелердің мағынасы, шығарма авторының қолы;
3) қатысушының жеке куәлігінің көшірмесі.
Конкурсқа қатысу үшін материалдар мемлекеттік немесе орыс тілінде рәсімделеді және ұсынылады.
Жұмыстар 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады.
Мына жағдайда өтінімдер қарастырылмайды және конкурсқа қатысуға рұқсат етілмейді:
1) конкурс шарттарын орындамаса;
2) ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзім өткеннен кейін конкурсқа қатысқандарға.
Конкурс қорытындысы. Жеңімпазды марапаттау рәсімі
Сараптама нәтижелері бойынша ең көп дауыс жинаған ғылыми және инновациялық идеялар конкурс жеңімпаздары болып танылады.
«Үздік ғылыми-инновациялық идея» конкурсының жеңімпаздары – 1, 2 және 3 орындарды жеңіп алған қатысушылар сәйкес I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Ұйымдастырушының байланыс деректері:
Тел.: +7 7213 920594 (ішкі 114); +77055094264.
Ғылым және инновация департаменті, 219 бөлме
101400, Қазақстан, Қарағанды облысы, Теміртау қ.,
Республика даңғылы, 30,
Қарағанды индустриялық университеті
Просмотров: 612