“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді ынтымақтастықтың нақты мысалдары.

[Дата публикации: 18.03.2021, 18:00:23, жариялауды: Әкімшілік]

 

18 наурызда Қарағанды индустриялық унивеситетінің «Парасаттылық мектебінің» жетекшісі Капашева Ж.К. және «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелері Алматы қ.Тұран университетінің «Жемқорлыққа қарсы Sanaly urpaq»онлайн мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді ынтымақтастықтың нақты мысалдары» тақырыбында дәріс өткізіп, тыңдаушылармен пікірталас алаңын ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – ЖОО -да құрылған студенттік клубтар негізінде азаматтық, қоғамдық ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қазақстандық үлгісін, оның жүзеге асырылу механизмдерін, нәтижелерін талқылай отыра,өскелең ұрпақ арасында парасаттылық сананы кеңейту және әдеп қағидаттарының сақталуына тәрбиелеу.

Шара барысында тәжірибе алмасу мақсатында клуб мүшелері қазақстандық студент жастар арасындағы парасаттылық мәдениетті қалыптастыру үлгілерін де талқыланды.


Просмотров: 518
18.03.2021, 18:00:23, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар