“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ «Нестандартные» КВН командасы Новосибирск қ. іріктеу кезеңінен өтті

[Дата публикации: 09.03.2021, 13:52:32, жариялауды: Әкімшілік]

 

Команда құрамында Айбек Мұхтаров (ӨЭҚ-20сқ тобы) және Бексейіт Данияров (БИ-20 тобы) бар Қарағанды индустриялық университетінің студенттерінің «Нестандартные» КВН командасы онлайн форматта тамаша ойын көрсетіп, Новосибирск қаласының «КВН – Сібір – Некст»  лигасына іріктеу кезеңінен өтті,  сол арқылы ойынның бірнеше туры күтіп тұрған жаңа маусымда ойнауға құқық алады. Біздің жаңа команда қазылар алқасын жарқыраған әзілдерімен, әзіл-қалжыңымен және тапқырлығымен таң қалдырды, осылайша шексіз эмоцияларға бөледі.

Сонымен қатар, біздің университетте КВН қозғалысы белсенді дамып келе жатқанын, жаңа студенттердің келуімен бізде жаңа қызықты және ерекше командалар пайда болғанын, соның арқасында КВН қарқын ала бастағанын атап өтеміз. Бұған дейін біздің командалар ХХХІ Халықаралық «КиВиН-2020» Сочи фестивалінің қатысушылары болды және бірнеше рет «Сібір» КВН лигасының финалына шықты, сонымен қатар қала және облыс әкімінің кубоктарында бірінші орындарды иеленді.

Жігіттерге үлкен жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!


Просмотров: 596
09.03.2021, 13:52:32, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар