“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қарағанды индустриялық университеті интерактивті кездесуге қатысты

[Дата публикации: 04.03.2021, 15:40:45, жариялауды: Әкімшілік]

 

2021 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен бірлесіп, Елбасы кітапханасының «Ұлы Дала тарландары» жобасы аясында «Болашақ» президенттік стипендиясының 30 табысты түлегі интерактивті кездесу өткізілді.

Іс-шараның құрметті қонақтары ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Н.О. Мауберлинова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары болды.

Біздің университет ұжымының атынан ректор Жаутиков Бахыт Ахатұлы кездесу қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Қарағанды индустриялық университетінің ҚР Тұңғыш Президенті Кітапханасымен ынтымақтастығының маңыздылығы атап өтті.

Жыл сайын біздің табысты және белсенді студенттеріміз Тұңғыш Президент кітапханасы іске асырып жатқан «Әлемді өзгертетін идеялар» бірегей әлеуметтік-білім беру жобасының тұрақты қатысып тұрады.

Бақыт Ахатұлы атап өткендей, біздің студенттер, магистранттар, оқытушылар ҚР БҒМ бастамасымен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасымен бірге әлемнің жетекші университеттерінде бірқатар әлемдік баспалардың мәліметтер базасына және ҚР Тұңғыш Президентінің дәрістеріне қол жеткізе алады және «Болашақ» бағдарламасына қатысуға дайындалуда.

Іс – шара барысында «Болашақ» президенттік стипендиясының табысты түлектері: Н.А. Омарбаева, А. Т.Мамутова, Б. А. Газдиева, Г. Т. Шакуликова, Д. К. Мектепбаева, И.А. Мун өз жобаларын ұсынды. 1993 жылы тәуелсіздік таңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен құрылған, «Болашақ» халықаралық стипендиясы бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруға бағытталған республиканың аса маңызды «серпінді жобаларының» біріне айналды. Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған 11 мыңнан астам маман білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника саласындағы өздерінің ғылыми әзірлемелері мен жобаларын іске асыра отырып, ел экономикасының басым салаларында жұмыс істейді.

Студенттер арасынан кездесуге қатысушылар «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына, іс-шараның құрметті қонақтарына сұрақтар қойды.

ҚарИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 563
04.03.2021, 15:40:45, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар