“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ «Құрылыс» кафедрасы білім беру бағдарламаларын сараптауға қатысты

[Дата публикации: 18.03.2021, 11:35:43, жариялауды: Әкімшілік]

 

Өткен 2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы («Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының тізілімі» ақпараттық жүйесінің операторы) «6B073 Сәулет және құрылыс» оқыту бағыты бойынша.білім беру бағдарламаларына сараптама ұйымдастырды.

Бұл бағдарламаның мақсаты – құрылыс өндірісі саласында жоғары білімді, аймақтық, республикалық және халықаралық еңбек нарықтарының талаптарына сәйкес құрылыс кешені кәсіпорындарында табысты қызмет ету үшін жеткілікті қажетті кәсіби және жеке құзыреттері, бәсекеге қабілеттіліктері, жоғары деңгейлі білімді, біліктілікті, BIM технологиялары негізінде кәсіби жобалау дағдылары бар және құрылыс жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың және өндірудің заманауи әдістеріне ие мамандарды даярлау. Білім беру бағдарламасының басымдылығы – энергетикалық тиімділік пен ұзақ мерзімділіктің заманауи талаптарын ескере отырып, BIM технологиялары негізінде архитектуралық-құрылыстық 3D жобалау әдістерін игеру және құрылыстың сметалық құнын есептеу әдісі, ресурстарды енгізу арқылы құрылыс нысандарын қайта құру мен нығайтудың тәжірибеге бағытталған бағыты.

Сараптауға 50 астам білім беру бағдарламасы ұсынылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу шеңберіндегі жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігі үшін «Құрылыс» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Бауыржан Ануарханұлы Базаров Алғыс хатпен марапатталды.


Просмотров: 545
18.03.2021, 11:35:43, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар