“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Жаратылыстану – ғылыми пәндер» кафедрасына жаңа зертханасы алынды

[Дата публикации: 03.03.2021, 15:50:49, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды индустриялық университетінде 2020-2021 оқу жылында мемлекеттік сатып алу жоспары бойынша «Жаратылыстану – ғылыми пәндер» кафедрасына 6 зертханалық жұмыстан тұратын инновациялық «Физика» зертханасы алынды. Олар: «Сыртқы фотоэффектті зерттеу», «Жарық дифракциясын зерттеу», «Обербек маятнигіндегі айналмалы қозғалысты зерттеу», «Жердің магнит өрісінің индукциясының көлденең компонентін анықтау», «Тұрақты қысым мен тұрақты көлемдегі ауаның жылу сыйымдылықтарының қатынасын анықтау», «Бұралу маятнигінің ығысу модулін және инерция моментін анықтау» зертханалық жұмыстары.

Кәзіргі уақытта жаңа зертхана жұмысқа қосылуда.

Ғылыми-зертханалық базаны дамыту мәселесі біздің университетіміздің маңызды бағыттарының бірі. Студенттер жаңа зертхананы сынап көрді және зертхана базасында жүргізілген зерттеулерінің нәтижелерін үлкен қуанышпен көрсетеді. Студенттерімізге жаңа білім тілейміз!

КарИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 606
03.03.2021, 15:50:49, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар