«Энергетика» кафедрасында ғылыми семинар өткізілді
[Дата публикации: 26.03.2021, 11:37:53, жариялауды: Әкімшілік]
25 наурызда «Энергетика» кафедрасында «АСКУЭК энергетикалық ресурстарды басқару және есепке алу жүйесі» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинарды техника ғылымдарының кандидаты, «Энергетика» кафедрасының профессоры Гульнара Газизовна Жабалова жүргізді. Семинарға кафедраның оқытушылары мен студенттері қатысты.
Бүгінгі күні бұл тақырып өте өзекті болып отыр, өйткені энергияны есептеудің автоматтандырылған жүйелері тұрғын үй, коммерциялық және өндірістік нысандарда электр және жылу энергиясын тұтынуды есепке алуға мүмкіндік береді. Жүйелер бір деңгейлі диспетчерлік және қаржы орталықтарымен үй, аудандар, қала, елді мекен деңгейінде энергия ресурстарының тұтынылуын ескере алады. Семинарда университет ғимараттарында автоматтандырылған жылу бекеттерін пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.
Просмотров: 696