“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Алғыс әрқашан жүректен шығады

[Дата публикации: 01.03.2021, 12:05:57, жариялауды: Әкімшілік]

 

Кезінде қазақ жері түрлі ұлт өкілдерінің туған мекеніне айналды және осы күнге дейін сол күйінде қалады. Көптеген қазақстандық отбасылары ұрпақтары мәжбүрлі қоныс аудару мен қуғын-сүргіннің қиын кезеңдерін есте сақтайды. Қоныс аударушылардың аға ұрпақтары өздерінің туған жеріне айналған қазақ жерін және оларды жылы қабылдаған қазақ халқына деген ризашылықтары ұшан-теңіз.

Мереке туралы тиісті жарлыққа 2016 жылдың 14 қаңтарында ҚХА ХХІІ сессиясында қол қойылды, онда біздің еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайын 1 наурызды барлық этностардың бір-біріне және қиын уақытта көмек көрсеткен, мейірімділік көрсетіп, оларды отбасымен қабылдаған қазақ халқына Алғыс айту күні ретінде атап өтуді ұсынды.

Мерекенің басты мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді, қайырымдылықты, әлеуметтік ынтымақтастық пен өзара қолдауды насихаттау.

Ризашылық күні қазақстандықтарды жақындастырсын! Жақсы істер үшін бір-бірімізге ризамыз!


Просмотров: 638
01.03.2021, 12:05:57, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар