“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарМУ жанындағы Техникалық-экономикалық колледж студенттері үшін теологтармен кездесу өткізілді.

[Дата публикации: 11.02.2021, 16:01:17, жариялауды: Әкімшілік]

 

Діни уәжді экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың алдын алу мақсатында «Теміртау қаласының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» КММ директоры Н.Е.Утебаев,  Қарағанды индустриялық университеті жанындағы Техникалық-экономикалық колледж студенттерімен «Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндірмелік сұхбат өткізді.

Сұхбат мақсаттары:

– студенттердің діни және құқықтық сауаттылығын арттыру;

– конфессияаралық келісімді, қазақстандық патриотизмді, толеранттылық пен гуманизм принциптерін сақтау;

– қазақ халқының ұлттық дәстүрлі рухани құндылықтарын сақтау және дамыту.

Тәрбие жұмысында жастарды деструктивті діни секталарға тартудың алдын алу мәселелері маңызды болып табылады. Нұрлыбек Елеусізұлы осындай тенденциялардың пайда болу тарихы, жастарды осындай ұйымдарға тарту тетіктері мен әдістері туралы егжей-тегжейлі айтып берді, студенттерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді. Колледжде және университетте осындай ақпараттық-түсіндіру кездесулері үнемі өткізіліп тұрады және қажет, өйткені жастар ең осал санаттардың бірі болып табылады және деструктивті ұйымдардың назарын аударады.

 

ҚарИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 549
11.02.2021, 16:01:17, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар