ҚарИУ ЖІК студенттік жатақханада рейд өткізді
[Дата публикации: 16.02.2021, 11:19:12, жариялауды: Әкімшілік]
Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Анастасия Епанешникова, ЖІК мүшелері Ерхан Зулхайдар және Навруз Хаитова бастаған ҚарИУбелсенділері №1 жатақханада профилактикалық рейд өткізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің ішкі тәртіп ережелерін сақтауын және жатақханада тұруын бақылау. Бөлмелерді қарау кезінде комиссия мүшелері бөлмелердің жағдайы жалпы қанағаттанарлық екенін атап өтті.
Комиссияның бірқатар ескертулеріне қарамастан, студенттердің көпшілігі тәртіпті өз деңгейінде ұстайды.
Сондай-ақ, Жастар ісі жөніндегі комитет студенттердің өздері тұратын бөлмелердің жағдайына қатысты шағымдары мен ескертулерін тіркеді. Барлық анықталған шағымдар жою үшін университеттің тиісті бөлімшелеріне ақпараттар жіберілді.
Енді ЖІК профилактикалық рейдтері әр апта сайын өткізілетін болады, өздерінің проблемалық сұрақтары бойынша студенттер ЖІК активімен байланыса алады.
ҚарИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 793