“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРИУ ПРОФЕССОРЛЫ-ОҚТЫУШЫЛАР АРАСЫНДА «АБЫРОЙЛЫ ОҚЫТУШЫ» КОНКУРСЫ ӨТКІЗІЛДІ

[Дата публикации: 10.02.2021, 12:20:16, жариялауды: Әкімшілік]

 

ҚарИУ профессорлы-оқтыушылар арасында «Абыройлы оқытушы» конкурсы өткізілді.

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚарИУ жоспарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды. Іс-шараның ұйымдастырушылары: «Адалдық мектебі» және университеттің «Саналы ұрпақ» студенттер клубы.

Іс-шараның мақсаты – оқу, ғылыми және білім беру қызметіндегі міндеттерін адал және нәтижелі орындауға, академиялық адалдық қағидаттарын сақтауды насихаттау арқылы академиялық ортадағы адалдық мәдениетін арттыру.

Конкурс  жеңімпазы «Химиялық технология және экология» кафедрасының оқытушысы, докторант Фарида Жумагелдиевна Абилканова.

Байқаудың нәтижелері оқытушының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру деңгейін, педагогикалық әдістерді, студенттермен іскери қарым-қатынас мәдениетін, академиялық адалдық қағидаларына сәйкестік деңгейін және этикалық нормаларды анықтауға арналған онлайн-сауалнама арқылы анықталды. . Бакалавриат, магистратура, докторантура студенттері https://old.tttu.edu.kz/  сайтындағы сауалнамаға жауап берді.


Просмотров: 628
10.02.2021, 12:20:16, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар