КарИУ-да «Жаңа гуманитарлық білім және 100 жаңа оқулық» атты презентациясы өтті
[Дата публикации: 15.02.2021, 11:27:05, жариялауды: Әкімшілік]
Рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асырылуы барысында Қарағанды индустриялық университетінің кітапхана қорының «100 жаңа оқулық» жобасы негізінде толығуына байланысты жаңа кітаптар қорымен таныстыру шарасы қолға алынды.
2018-2019 оқу жылынан бастап «Жаңа гуманитарлық білім беру мақсатында 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша алғашқы лекте кітапхана қорына қолдануға берілген оқулықтарды «Қазақстан тарихы, әлеуметтік – гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасы жалпы білім беретін пәндер аясында білім беру үдерісіне енгізген болатын. Жаңа 100 оқулық жобасы бойынша соңғы лекте кітапхана қорына қосылған оқулықтарды білім беру үдерісіне еңгізу жұмыстарын ары қарай жалғастыра отырып, студент жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында кафедраның профессор және оқытушылар құрамы түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда.
Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» жолдауы бойынша «Жаңа гуманитарлық білім беру және 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша «Қазақстан тарихы, әлеуметтік – гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасы «Энергетика, көлік және басқару жүйесі» факультетінің әдістемелік апталық өткізу шарасы аясында университеттің барлық мамандықтарында білім алып жатқан студенттерді «Мәдениеттану және психология» пәні бойынша ашық шараға жұмылдырды. Қазақ тіліне аударылған 100 жаңа оқулықтар қатарындағы:
Тер-Минасова С. Тіл және мәдениетаралық коммуникация, А., 2020 жыл
Борев Ю.Б. Эстетика Алматы : 2020 жыл. -232 б.
Э. Гомбрих Өнер тарихы А., -688 б.
Балм К. Театртану. Кіріспе, А.,2020 жыл. -224 б.
Эльзессер Т. Кино теориясы: сезім тұрғысынан кіріспе, А., 2020 жыл. -232 б.
Больман Ф. Әлем музыкасының тарихы 2020 ж. 460 б.
Маккиннон Б., Фиала Э.Этика теориясы мен қазіргі мәселелері А.,2020 жыл. – 868 б. т.б оқулықтарды студенттер сабақ барысында қолданды.
Қарағанды инустриялық университетінің кітапханасының оқу залында кітап оқу шарасы мен қатар СОӨЖ сабақтарында түрлі тапсырмалар орындау барысында көркем танымдық ашық сабақтар өткізілді.
Бұл шара бір күндік емес әрі қарай жалғасын табатын үдеріс ретінде жастарды болашақ кәсіби маман болып қалыптаумен қатар, әлемнің ең танымал 100 оқулығы арқылы жаңа гуманитарлық білім беру мақсатында оқырман ретінде кітап оқу дағдысын қалыптастыруға және зиялы қауым танымын дамытуға бағытталады.
Ғұлама ойшыл Аристотель «Оқу – түсінудің ең жоғарғы нысаны» деген болса, ұлтымыздың ұлағатты ұстазы Ы. Алтынсарин «Кел балалар оқылық! Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық»-деген болатын. Еліміздегі рухани жаңғырудың басты бір мақсаты сапалы білім беру болса, ол кітап оқу мәдениетін қалыптастырумен келетіні сөзсіз.
Солтан Магира Солтанқызы
«Қазақстан тарихы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндері» кафедрасының
аға оқытушысы
Просмотров: 696