“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Ағылшын тіліне арналған тест

[Дата публикации: 26.02.2021, 14:36:45, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды индустриялық университетінде магистратура мен докторантураға оқуға түсуші үміткерлерді IELTS халықаралық тест тапсыруға дайындайтын курс өз жұмысын бастайды. Осыған орай, 26 ақпанда Қарағанды индустриялық университетінің «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасының оқытушылары университеттің студенттері мен оқытушылары арасында ағылшын тілін білуге қатысты тестілеуді  ұйымдастырып, өткізді.

Курстарда одан әрі оқыту үшін ағылшын тілін білу деңгейін анықтау мақсатында тестілеу өткізілді. Мұндай іс-шараларды өткізу адамға ағылшын тілін үйренудің қай сатысында тұрғанын қадағалап отыруға көмектеседі, ағылшын тілін меңгеру мен тілдік дағдыларды жетілдіруге үнемі үлес қосады.

Қазіргі кезде барлығына дерлік халықаралық қатынас тілі ағылшын тілі қажет. Ағылшын тілін білу лайықты білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ағылшын тілін жақсы білетіндігін ресми растау жұмысқа орналасуға айтарлықтай ықпал етеді және мансаптық болашақты кеңейтеді.


Просмотров: 618
26.02.2021, 14:36:45, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар