Қиын қалыптасатын металдардан жасалған құбырларды престеу тәсілі
[Дата публикации: 09.02.2021, 13:33:21, жариялауды: Әкімшілік]
Қарағанды индустриялық университетінің ғалымдары өздерінің шетелдік әріптестерімен бірге ғылыми қызметпен белсенді айналысады. Атап айтқанда, Украина Ұлттық металлургия академиясының ғалымдарымен бірлесіп металлургиялық бағыт бойынша кезекті патент дайындалуда.
Бұған дейін Украина ғалымдарымен бірлесіп «Қиын қалыптасатын металдардан жасалған құбырларды престеу тәсілі» пайдалы моделіне халықаралық патент алынды, оның патент иеленушілері Қарағанды индустриялық университеті (КИУ) және Украинаның Ұлттық металлургия академиясы (НМетАУ) болып табылады.
Айта кету керек, біздің университеттің ғылыми-зертханалық базасы көптеген бағыттар бойынша зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. КарИУ-жұмыс істеп тұрған металлургиялық пештері бар тәжірибелік-өнеркәсіптік алаңы бар Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны. Университет базасында жыл сайын «Металлургия» және «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандықтары бойынша Республикалық пәндік студенттік олимпиада өткізіледі.
Просмотров: 545