“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРИУ РЕКТОРЫ ТІКЕЛЕЙ ЖЕЛІ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

[Дата публикации: 12.02.2021, 17:25:49, жариялауды: Әкімшілік]

 

11 ақпан Қарағанды индустриялық университетінің Басқарма төрағасы м.а. – ректор ақыт Ахатұлы Жәутіков БҚазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті ұйымдастырған тікелей желі жұмысына қатысты. Бақыт Ахатұлы іс-шараның барлық қатысушыларын университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және «Саналы ұрпақ» жобасын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

ҚарИУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүйелі және үздіксіз жүзеге асырылуда. 2019 жылы оқуға қабылдаудан бастап бакалавриаттың барлық білім беру бағдарламаларында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын белсенді алдын алу үшін «Заң және адалдық негіздері» пәні енгізілді.

2019 және 2020 жылдары ашықтық және басқару менеджментін арттыру мақсатында университеттің менеджменті мен академиялық ерекшеліктеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг жүргізіліп, ішкі өзін-өзі басқару нәтижелері бойынша «ADAL BILIM» республикалық жобалық кеңсесіне өзіндік есептер дайындалды. Тұрақты кері байланыс жүйесін ұйымдастыру үшін «Сенім телефоны», «Таза сессия» штабы, ректордың блогы, университет, ректор және әдеп жөніндегі уәкілдің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі және т.б парақшалары жұмыс істейді.

Платонус университетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы студенттердің сабаққа қатысуы, үлгерімі, бақылау әрекеттері, қорытынды аттестатттау бақыланады. Емтихандардың жазбаша түріне кезең-кезеңімен көшу жүзеге асырылуда, студенттердің курстық және дипломдық жұмыстарын, магистрлік диссертацияларын тексеру үшін «Антиплагиат» бағдарламасы қолданылады.

ҚарИУ сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ақпаратты анық және қолжетімді ұсыну үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» айдары үнемі жұмыс істейді http://kgiu.kz/abuniv/korrupciey/ .

2020 жылдың соңында Қарағанды индустриялық университеті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен күрес саласындағы белсенді жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асхат Оразханұлы Оразхан Қарағанды индустриялық университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


Просмотров: 984
12.02.2021, 17:25:49, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар