«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ
[Дата публикации: 11.02.2021, 09:00:49, жариялауды: Әкімшілік]
«Экономика және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы, Марина Александровна Латыпова біліктілікті арттыру курсын аяқтады. Курс «Салық консультанты» бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша аккредиттелген ұйым болып табылатын «PROFITRENING» оқу орталығы негізінде ұйымдастырылған. Курстың бағдарламасы 80 академиялық сағаттан тұрады және салық салу бойынша он төрт тақырыпты практикалық жаттығулармен оқуды және шоғырландыруды қамтиды.
Курс соңында М.А. Латыпова салық консультантының біліктілік емтиханын сәтті тапсырды және сертификатталған салық консультанты болып табылады.
«Салық консультанты» біліктілігі бұл маманның салық салу объектілерін анықтай алатындығын және олардан салықтарды дұрыс есептей алатындығын, салықтық тәуекелдерді анықтайтын, салық салуды жоспарлап және оңтайландыратындығын растайды.
Сондай-ақ, бұл біліктілік салық консультанттары палатасына және салықтық қатынастар саласындағы кәсіпқойларды біріктіретін кәсіби қоғамдық бірлестіктің мүшесі болуға мүмкіндік береді.
Просмотров: 642