“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ПОЗДРАВЛЯЕМ САУЛЕ НУРТАЗАЕВНУ И ЖЕЛАЕМ НОВЫХ УСПЕХОВ!

[Дата публикации: 02.02.2021, 15:45:02, жариялауды: Әкімшілік]

 

«ЭНЕРГЕТИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2021» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЕСІНШІ КӘСІБИ КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

«Энергетика» кафедрасының оқытушысы Сауле Нуртазайқызы Қамарова «Сабақ әзірлемесі» номинациясы бойынша бесінші Республикалық «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2021» кәсіби конкурсының жүлдегері болды, ол «Көмірдің физикалық-химиялық қасиеттері» тақырыбына арналған дәрісін конкурсқа ұсынды.

Байқауды «PLANET Skills» халықаралық білім порталы ұйымдастырды, оның басты миссиясы – кәсіби құзыреттілікті дамыту, озық тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды үйлестіру арқылы білім беделін арттыру.

Конкурсқа  барлық білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, орта білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындары және т.б.) мұғалімдері және оқытушылары қатысты.

Конкурс келесі номинациялар бойынша өтті:

  • «Сабақ әзірлемесі»
  • «Қоғамдық сабақ»
  • «Сабаққа арналған презентация»
  • «Білім берудегі АКТ»
  • «Шеберлік сыныбы»
  • «Сыныптан тыс жұмыстарды дамыту»
  • «Мерекелер мен іс-шаралардың сценарийлері»
  • «Әдістемелік әзірлемелер»
  • «Терминологиялық сөздік»
  • «Үйірме жұмысы»
  • «Мұғалімдер портфолиосы»
  • Еркін номинация.

 

СӘУЛЕ НҰРТАЗАҚЫЗЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ, ЖАҢА ТАБЫС ТІЛЕЙМІЗ!


Просмотров: 803
02.02.2021, 15:45:02, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар