“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қазақ әліпбиінің жетілдірілген жобасы бойынша онлайн-семинар өткізілді

[Дата публикации: 25.02.2021, 16:38:05, жариялауды: Әкімшілік]

 

2021 жылдың 25 ақпанында Қарағанды индустриялық университетінде «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасы, «Теміртау қ. Тілдерді дамыту орталығы» және Қарағанды облысының Тілдерді дамыту бөлімі, ресурстық тіл орталығымен онлайн-семинар ұйымдастырды.

Іс-шара латын графикасына негізделген жаңа әліпбимен танысу, орфографиялық жұмыс тобының мүшесі, ф.ғ.к., Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті Мархаба Ахметкалиқызы Тұрсынова өткізді. Онлайн-семинарға Қарағанды индустриялық университеті мен ҚарИУ жанындағы Техника-экономикалық колледжінің оқытушылары белсенді қатысты. Кездесуде тыңдаушылар латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жетілдірілген жаңа жобасымен танысты.

Мархаба Ахметқалиқызы Тұрсынова енгізілген өзгерістер туралы, қазақ тілін практикалық және функционалды ету мақсатында әліпбиді жетілдіру бойынша қабылданған шаралар туралы егжей-тегжейлі айтты. Цифрлық әлемде, инновациялар мен жаңа технологияларда қазақ алфавиті әлемнің кез келген нүктесінде түсінікті болуы маңызды. Бүйірлік апострофтар жаңа алфавитте алынып тасталды. Бұл тілді іздеу жүйелерінде және бағдарлама кодтарында тиімді пайдалануға мүмкіндіктер ашады. Әлемдік тәжірибе болып саналатын алфавитте диграфтар (қос әріптер) және астыңғы, диакритикалық белгілер бар жаңа алфавиті бар пернетақта жобасы ұсынылды.

Тыңдаушылардың айтуынша, енгізілген соңғы өзгерістер қазақ алфавитін ыңғайлы әрі заманауи етеді.


Просмотров: 824
25.02.2021, 16:38:05, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар