“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ТАБЫС ЖОЛЫНДА: ЛАЙЫҚТЫ УНИВЕРСИТЕТ – САПАЛЫ БІЛІМ

[Дата публикации: 01.02.2021, 15:17:09, жариялауды: Әкімшілік]

 

Бүгінде біздің университет техникалық және экономикалық ғылымдар бакалаврлары мен магистрлерін шығарды.

Кез-келген университет үшін ерекше мақтаныш оның түлектері. Қарағанды индустриялық университетінде мақтанатын адам бар! Біздің университеттің 55 жылдық тарихында 20 мыңнан астам білікті мамандар даярланды. Университеттің профессорлы-оқытушылар құрамы мен студенттері біздің университет түлектерінің арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың болғанын ерекше мақтан тұтады. Университет түлектері талантты инженерлер, ғалымдар, табысты кәсіпкерлер, ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілері, мемлекеттік және саяси қайраткерлерге айналады. Біздің университеттің барлық түлектеріне Қарағанды облысының және Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік алпауыттарының ең беделді кәсіпорындарына жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Түлектердің жылдық жұмыспен қамтылу деңгейі 95% асады.

Өз түлектерінің көз алдында отандық университет әрдайым үздік болатындығын және әсіресе біздің түлектеріміздің Қарағанды индустриялық университетін білім беру шеңберінде оқуды жалғастыру үшін магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша басымдық беретін жоғары оқу орны ретінде таңдағанын түсіну жағымды.

Бүгінгі таңда Қарағанды индустриялық университеті – Қазақстан Республикасының индустриялық дамуының басым бағыттары бойынша инженерлік-технологиялық, құрылыс және бизнес, инновациялар мен зерттеулерге мамандандырылған жоғары білікті кадрларды даярлауға арналған жетекші жоғары оқу орындарының бірі.

«ҚарИУ таңдай отырып, сіз осы жерде лайықты білім алатындығыңызға толық сенімді бола аласыз», – деді «Мансап» орталығының басшысы Талғат Қымбатұлы Ақышев, ол биыл ҚарМУ экономика мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

«Қарағанды индустриялық университетінде өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың көптеген мүмкіндіктері бар. Кафедраларда оқытушылар құрамы өте мықты! Мен бұл адамдардың өз пәндерін жетік білетініне сенімдімін! Олар сізге көп нәрсені үйрете алады! « – деді «Компьютерлер және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр дәрежесін алған ақпараттық технологияларды қолдау секторының бағдарламашысы Роза Жұмабайқызы.

«Қарағанды индустриялық университеті студенттерге екі дипломды білім алуға, сондай-ақ «Академиялық ұтқырлық» бағдарламалары бойынша Еуропаның жетекші университеттерінде оқуға ерекше мүмкіндік береді. Біздің университетті таңдай отырып, сіз дұрыс университетті таңдайсыз!», – деп ҚарИУ«Құрылыс» білім беру бағдарламасы бойынша білім алған  техника ғылымдарының магистрі Әділ Базаров өзінің пікірімен бөлісті.

Біздің түлектерге толағай табыстар тілейміз!

 

ҚарИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 786
01.02.2021, 15:17:09, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар