“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРИУ ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ШЕГІНДЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ КЕҢЕЙТЕДІ

[Дата публикации: 11.02.2021, 16:32:39, жариялауды: Әкімшілік]

 

Ағымдағы оқу жылында Қарағанды индустриялық университеті мен академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, бұл жоғары оқу орындары арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа алғашқы қадам.

Меморандумның мақсаты – жоғары білікті кадрларды даярлау, кадрлық резерв құру, өзара тәжірибе алмасу, соның ішінде «қонақтар» дәрістерін, семинарларды, тренингтер мен өзара әрекеттесудің басқа түрлерін ұйымдастыру арқылы ынтымақтастықты дамыту.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша және Қ.Сәтбаев атын. ЕИТИ мен ҚарИУ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 2020-2021 оқу жылының күзгі семестрінде «Металлургия» мамандығының және «Өндірістік нысандарды электрмен жабдықтау» және «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жылу энергетикасы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» білім беру бағдарламалары студенттері академиялық ұтқырлық шеңберінде алмасу бағдарламасы  оқытылды. Қазіргі уақытта «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» білім беру бағдарламасының студенттері алмасу бағдарламасы бойынша білім алуда.

Меморандумға қол қою және Қарағанды индустриялық университеті мен академик Қ.Сәтбаев атын. Екібастұз инженерлік-техникалық институты арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоғары білім мен озық ғылымның сапалы ортасын қалыптастырудың тамаша мүмкіндігі болады.


Просмотров: 600
11.02.2021, 16:32:39, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар