Ұзақ мерзімді серіктестік.
[Дата публикации: 10.02.2021, 12:17:47, жариялауды: Әкімшілік]
«Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы атынан Қарағанды индустриялық университетінің Басқарма төрағасы м.а.-ректор Бақыт Ахатұлы Жәутіков Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.А. Назарбаевтың Алғыс хатын «Арселор Миттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры В.Б. Басинге табыстады.
Сайлау науқанына және партияның бағдарламасын нақтылауға қатысқан партияның белсенді мүшелері Алғыс хаттармен марапатталды. Сайлау науқаны кезінде көптеген жұмыс жасалды: көптеген іс-шаралар мен сайлаушылармен кездесулер ұйымдастырылды. Вадим Борисович Басин «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, қала мен облыста көптеген түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сайлаушылармен жеке және онлайн режимінде кездесулер өткізді.
«Арселор Миттал Теміртау» АҚ мен Қарағанды индустриялық университеті бұрыннан келе жатқан стратегиялық серіктестер екенін атап өткен жөн: металлургия кәсіпорны студенттердің тәжірибеден өтетін мен жұмыспен қамтылуының негізгі базасы болып табылады, сонымен қатар біздің университеттің профессорлары мен ғалымдары ғылыми зерттеулерлерін жүзеге асырады, бұл зауыттағы өндірістік процесттерді жаңартуға ықпал етеді..
Металлургия – біздің университеттің бейінді бағыты. ҚарИУ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.А. Назарбаевтың Алма матері, елдің тау-кен металлургия өнеркәсібі үшін кәсіби және бәсекеге қабілетті кадрларды дайындайтын іргелі білім ордасы.
Вадим Борисович Басинді лайықты марапатымен құттықтаймыз!
Просмотров: 714