“В целом перед казахстанским образованием и наукой стоит масштабная, неотложная задача – не просто поспевать за новыми веяниями, а быть на шаг впереди, генерировать тренды.”


К. К. Токаев

Блог ректора

Карагандинский индустриальный университет — ведущий вуз Казахстана по подготовке высококвалифицированных кадров для го...

Подробнее »

Новости

Архив

Конференции

Архив

…Қазаққа қызмет етпей қоймаймын

[Дата публикации: 02.02.2021, 11:00:14, опубликовал: Әкімшілік]

 

Қаңтардың 29 күні Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханеовтың 155 жылдығына арналған

«… Қазаққа қызмет етпей қоймаймын» атты іс-шара өткізілді. Мақсаты-   Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен еңбек жолын таныстыру арқылы жастарды отансүйгіштікке, туған халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу болып табылды. Шара барысында Қарағанды мемлекеттік индустриалық университетінің аға оқытушысы Мағира Солтанқызы   мен Әлихан Бөкейхан атындағы гимназияның тарих пәнінің мұғалімі  Ғалия Мүслимовалар  Алаш арысының  өнегелі өмір жолдары мен  қазағына еткен қызметтін ашып көрсететін     танымы мол, мағыналы баяндамалар жасады.  Шара барысында  Қасым Ботанов, Айтжан Исақов секілді  қаламыздың зиялы қауым өкілдері   Алаш арыстарының өмірі мен өнегелі жолы    ұлтына деген адалдық пен қызмет етуді жарқын үлгісі болатындығын,  осындай ұлағатты істі  ұрпақ жадында мәңгіге қалдыруымыз керек екендігін атап өтті. Соңында   Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы басшысының орынбасары  Гүлжан Социалқызы Кударинова шараның белсенді қатысушыларына  Алғыс хаттарын табыс етті.


Просмотров: 705
02.02.2021, 11:00:14, Әкімшілік Рубрики: Новости