“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Жыл басындағы жақсы жаңалық!

[Дата публикации: 06.01.2021, 11:14:22, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды​индустриялық университетінің ФӨТ-20қ-4 тобының бірінші курс студенті Аружан Жақсылықызы Мүсілім «Жылдың үздік студенті – 2020» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

Бұл байқаудың басты мақсаты – жас ғалымдардың ең маңызды инновациялық жобаларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, шығармашылықта, студенттердің өзін-өзі басқаруында, спортта және ғылым мен білім беруді дамытудың біріктіруші платформасын құруда белсенділік танытқан студенттерді еліміздің барлық жоғары оқу орындарының арасынан анықтау және көтермелеу.

Бұл жобаға Қазақстан Республикасының ең үздік студенттері қатысты. Байқаудың ұйымдастырушысы «Білім Өркениеті» Ұлттық инновациялық зерттеу орталығы болды.

«Қатысу үшін сіз өзіңіздің өмірбаяныңызды және фотосуреттеріңізді, сондай-ақ белсенді жұмысыңыз үшін дипломдар мен алғыс хаттардың көшірмелерін тапсыруыңыз керек еді», – деді Аружан Мүсілім.

Құжаттар үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданды.

Байқаудың қорытындысы бойынша Аружан Мүсілім «Жылдық үздік студент» арнайы төсбелгісімен, І дәрежелі дипломмен марапатталды және «Жас қарын» IV Республикалық дарынды жастардың жинағына кірді. Сондай-ақ, оның өмірбаяны ISBN халықаралық стандартты  жинақта жарияланады.

Кітапқа өтінімдер «Ғылым», «Өнер» және «Спорт» бағыттары бойынша табысты студенттерден, сондай-ақ студенттер ұйымдарының төрағалары мен белсенділерінен қабылданады.

Жинақта сонымен қатар «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадалар, конференциялар, жобалар мен спектакльдердің лауреаттары; қоғамдық жастар қозғалысының жетекшілері мен белсенділері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері, Олимпиада ойындарының, халықаралық және спорттық жарыстардың лауреаттары мен жүлдегерлері туралы ақпараттар жарияланады.

Аружанды осы жоғары жетістігімен құттықтаймыз және одан әрі табыстар тілейміз!

 

ҚарИУ Баспасөз қызметі


Просмотров: 753
06.01.2021, 11:14:22, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар