“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер, студенттер, магистранттар, докторанттар!

[Дата публикации: 30.12.2020, 11:11:44, жариялауды: Әкімшілік]

 

Сіздерді келе жатқан Жаңа 2021 жылымен құттықтаймын.

Жаңа жыл – ең жарқын, ең сүйікті мереке. Ол бізді жалпы үміттермен, бақыт туралы армандарымызбен біріктіреді. Жаңа жыл – бұл жаңа күнтізбенің бастамасы ғана емес, бұл жаңа үміттер, табыстар, жеңістер.

 2020 жыл бүкіл әлем үшін қиын жыл болды, пандемия қазақстандықтардың өміріне өзіндік түзетулер енгізді, бірақ қиындықтарға қарамастан біз біртұтас ұжым ретінде проблемаларды жеңіп, жыл соңына тамаша нәтижелермен және жетістіктермен келдік.

Өткен оқу жылының басты оқиғасы біздің университеттің барлық білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік аккредитацияны сәтті аяқтауы болды, біз Назарбаев залы, Сандық технологиялар құзыреттілік орталығы, коворкинг орталығын салтанатты түрде аштық, талапкерлердің саны едәуір артты, жұмыспен қамтудың жоғары деңгейіне жеттік, біздің студенттер қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз атанды және бұл біздің 2020 жылғы жетістіктеріміздің толық тізімі емес.

Осы нәтижелердің артында бүкіл ұжымның  жұмысы жатыр, тек біз бірге университетімізді дамудың жаңа деңгейіне шығара аламыз!

Әр отбасында әрдайым береке, бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрғанын қалаймын. Жаңа жыл сіздерге өркендеу, армандарыңыздың орындалуы, болашаққа деген сенімдеріңізді нығайтумен бірге,  сіздің барлық бастамаларыңызбен әрдайым сәттілік бірге жүрсін. Келе жатқан жыл жаңа жеңістер мен жетістіктермен есте қалсын және бәріміз үшін ол жаңа: жаңа армандармен, жаңа жетістіктермен және  жобалармен табысты болсын!

Қарағанды индустриялық

университетінің ректоры

Б. Жәутіков


Просмотров: 523
30.12.2020, 11:11:44, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар