“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ студенті «Тәуелсіз Қазақстан – жаңа қоғамдық-саяси шындықтар» тақырыбына арналған студенттердің аймақтық практикалық конференциясына қатысты

[Дата публикации: 04.12.2020, 12:42:50, жариялауды: Әкімшілік]

 

2020 жылғы 4 желтоқсанда Қарағанды индустриялық университетінің студенті Савели Элефериади «Тәуелсіз Қазақстан – жаңа қоғамдық-саяси шындықтар» тақырыбындағы аймақтық студенттердің практикалық онлайн конференциясына «Қарағанды индустриялық университетінің Қазақстан халқы студенттер ассамблеясы туралы» баяндамасымен  қатысты.

Конференцияны Қарағанды облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясы, Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.

Конференцияға қатысушыларға құттықтау сөзімен «Қоғамдық келісім» КММ директоры Б.М.Бекмурзаев, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік басқару академиясының филиалының директоры С.Б. Байбосунова және т.б. қатысты.

Савелли Элефтериади өз сөзінде біздің университеттің 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ҚХА қызметін жан-жақты тоқталды. ҚХА құрамына студенттер – әртүрлі диаспоралардың өкілдері кірді. ҚХА 2017 жылы ҚарИУ базасында ашылған «Рухани жаңғыру» кеңсесінің негізінде жұмыс істейді. Жастардың ҚХА қызметінің мақсаты: жастардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, Қазақстанда тұратын этностардың тарихи-мәдени мұраларын зерттеу және насихаттау.

Жастардың  ҚХА өзінің қызметі аясында Теміртау қаласының этномәдени бірлестіктерімен, Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығымен, тарихи-өлкетану мұражайымен және жастардың қоғамдық бірлестіктерімен белсенді қарым-қатынас жасайды. ҚХА қызметі біздің университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасымен, Тәрбие жұмысы жәнежастар саясаты департаменті, Жастар ісі жөніндегі комитетпен бірлесіп жүзеге асырылады. Күндізгі бөлімде оқитын студент жастар ҚХА мүшесі бола алады.

Конференция екі бөлімде өтті. Іс-шара барысында Қарағанды облысының мемлекеттік архивінің бастығы, п.ғ.к., Ж.Г.Тұрсынованың «Ұлттық саясатты жүзеге асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі», Е.А. Бөкетова атындағы Қарағанды университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Козина В.В. Козиннің «Егемендік жағдайындағы Орталық Қазақстанның этногеографиялық дамуы», Бәрімбек Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды академиясының «Жалпы құқықтық пәндер» кафедрасының доценті А.Бейсееваның «Қазақ халқының құқықтық мұрасын жаңғырту және Қазақстан Тәуелсіздігі идеясын жүзеге асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі», Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті А.Гумардың «Қазақстан халқы ассамблеялары – аралық келісімнің бірегей институттарының ультаралық әйелдері», Қарағанды техникалық университетінің студенті А. Фоминнің «Қазақстан халықтары Ассамблеясы – елдің табысты болашағының кепілі» атты баяндамалар тыңдалды.

ҚарИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 729
04.12.2020, 12:42:50, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар