“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қарағанды индустриялық университеті мен Астрахан мемлекеттік техникалық университеті арасындағы ынтымақтастық кеңеюде

[Дата публикации: 25.12.2020, 16:39:14, жариялауды: Әкімшілік]

 

2020 жылдың мамыр айында Қарағанды индустриялық университеті мен  Астрахань мемлекеттік техникалық университетінің бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылатын Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Сол ұлы жылдардың даңқы сөнбейді» атты эсселер мен мақалалар жинағы жарық көрді. Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен батырларды еске алу құрметі арналдған іс-шара болды.

Екі университет арасындағы шығармашылық ынтымақтастық Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында өткізілген «Мәскеу-Астрахан-Қарағанды-Теміртау» халықаралық онлайн-телекөпірінен басталды. 2020 жылы екі елде де кеңінен аталып өткен ұлы датадан басқа, онлайн кездесулер барысында Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтің 100 жылдығына арналды, нәтижесінде очерктер мен баяндамалар жинағын шығару туралы екі жақты шешім қабылданды. Осылайша, кітапқа соғысқа қатысушылар – Астраханьдықтар мен қазақстандықтар туралы естеліктер, онлайн-телекөпірге қатысушылардың жеке архивтерінен алынған фотосуреттер енгізілді.

Кездесу барысында, сондай-ақ ғылыми-зерттеу саласындағы табысты дамып келе жатқан және үнемі кеңейіп отыратын Ресей-Қазақстан қатынастары біздің елдеріміз бен жалпы халықтарымыз арасындағы қарым-қатынас пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететіндігі, әртүрлі салалардағы екіжақты маңызды жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатындығы айтылды.

2020 жылдың желтоқсанында Астрахан облысының бұқаралық ақпарат құралдарында екі университет арасындағы жемісті ынтымақтастық туралы мақалалар мен жарияланымдар топтамасы жарық көрді.


Көзі: ia-centr.ru



Көзі: ast.mk.ru



Көзі: astralist.info



Көзі: mid.astrobl.ru

Көзі: vk.com



Көзі: astrahan.bezformata.com



Көзі: ainews.kz

АМТУ  халықаралық бөлімінің бастығы Евгения Юкина атап өткендей: «Ұлы Отан соғысының батырлары туралы топтама толықтырылады, біздің оқытушылар мен студенттер қазір жаңа эсселермен жұмыс жасауда. Теміртаулық әріптестермен үнемі байланыстамыз. Біздің университеттер арасындағы серіктестік ғылыми жобаларда, жастар акцияларында, дөңгелек үстелдерде және пікірталас алаңдарында жалғасуда».

ҚарИУ баспасөз орталығы


Просмотров: 587
25.12.2020, 16:39:14, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар