Парасаттылық мектебі және «Саналы ұрпақ» студенттік клубы академиялық саясат департаментімен бірлесіп «мен парасаттылық ұрпағының өкілімін” атты дөңгелек үстел ұйымдастырды»
[Дата публикации: 09.12.2020, 18:52:37, жариялауды: Әкімшілік]
2020 ж.09 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Парасаттылық мектебі», «Саналы ұрпақ» студенттік клубы мен Академиялық саясат департаменті бірлесе отырып, ҚарИУ білім алушыларының академиялық адалдық кодексін түсіндіру бойынша онлайн форматта дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шара барысында студенттер “Таза сессия” акциясы, “Таза сессия” штабы, “Тікелей желілер”, онлайн өтініштер мен шағымдар, университеттің ресми аккаунттарында орналастырылған постерлер туралы ақпараттандырылды.
Комплаенс жетекшісі Ш.А. Ильясов, Парасаттылық мектебінің деканы Ж. К. Капашева университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартында және Білім алушылардың академиялық адалдық кодексінде бекітілген академиялық адалдық қағидаттарын сақтау ережелерін жан-жақты түсіндірді.
Сондай-ақ Академиялық саясат департаментінің директоры Е.М. Харченко студенттердің прокторинг рәсімі туралы және емтихан сессиясы кезіндегі туындауы мүмкін техникалық мәселелер және олардың шешілуі туралы сұрақтарына жауап берді.
Дөңгелек үстел соңында студенттер клубының басшысы студенттерді Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар жоспарымен таныстырып, ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.
Просмотров: 987