Құттықтаймыз!
[Дата публикации: 15.12.2020, 19:34:47, жариялауды: Әкімшілік]
2020 жылдың 26 қарашасында Башқұрт мемлекеттік университетінің экономика, қаржы және бизнес институтында мектеп оқушылары, студенттер, магистранттар мен аспиранттардың “Ғылымдағы бастама”атты VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция жұмысына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Германия және т. б. елдерден мектеп оқушылары, студенттер, магистранттар мен аспиранттар қатысты.
Қарағанды индустриялық университетінің (Теміртау қ.) экономика және бизнес кафедрасының профессоры Зоя Гельманова алғыс хат алды, сондай-ақ университеттің студенттері мен магистранттары дипломдарға ие болды.
Просмотров: 639