“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ түлектерімен «Eurasian Resources Group (ERG)» халықаралық тобының өкілімен онлайн кездесуі өткізілді

[Дата публикации: 04.12.2020, 12:37:52, жариялауды: Әкімшілік]

 

 

2020 жылғы 3 желтоқсанда Қарағанды индустриялық университетінің магистранттарының интерактивті тәжірибе және жұмысқа орналасу бойынша Eurasian Resources Group (ERG) халықаралық тобының өкілімен онлайн кездесуі өтті.

ERG минералды ресурстарды өндіру мен өңдеу бойынша әлемдегі жетекші топтардың бірі болып табылады:

  • Қазхром ТҒК;
  • Соколов-Сарбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі (SSGPO);
  • «Қазақстан алюминийі» АҚ;
  • «Қазақстан электролиз» зауыты;
  • «ERG қызметі»;
  • «Павлодар машинажасау зауыты»;
  • «Еуро-Азия энергетикалық корпорациясы» (ЕЭК);
  • «ENRC логистика»;
  • «Шұбаркөл Көмір» АҚ.

Біздің түлектер өздерін қызықтыратын, олар компанияға жұмысқа орналасу және мансаптық өсу мүмкіндігі, жас мамандарды әлеуметтік қолдау, жалақы және т.б. сұрақтарды қоюдың ерекше мүмкіндігіне ие болды.

Қазіргі уақытта біздің университет Еуразиялық топқа мамандарды даярлауға  арналған өзара ынтымақтастық туралы меморандум дайындалуда. Меморандумда білім беру бағдарламаларын, оның ішінде стипендияларды, тағылымдаманың барлық түрлерін, оқытушылардың тағылымдамаларын ұйымдастыруды және бірлескен іс-шараларды (конференциялар, бос жұмыс орындар жәрмеңкелері, семинарлар және т.б.) әзірлеу қарастырылады.

 

ҚарИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 624
04.12.2020, 12:37:52, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар