“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру секторының жетекшісі

[Дата публикации: 15.12.2020, 16:08:41, жариялауды: Әкімшілік]

 

Ұйымның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, 101400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30.

Бос жұмыс орындарының атауы:

– жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру секторының жетекшісі – 1 мөлшерлемелі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру секторы жетекшісінің қысқаша сипаттамасы:

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін университеттің нормативтік құжаттарын дайындауға бақылауды жүзеге асыру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссияларын құру туралы бұйрықтар мен басқа құжаттардың дайындалуын бақылау, магистратура, докторантура бойынша қорытынды есептердің уақтылы ұсынылуын бақылауды жүзеге асыру, статистика департаментіне есептердің дайындалуын бақылау, уақытылы жаңартылуын бақылау университеттің веб-сайтында «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім» бөлімінде ақпаратты қадағалау.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру секторының жетекшісіне лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

– жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімнің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

– фотосуреті бар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме;

– Басқарма төрағасы-ректордың атына өтініш;

– жеке куәліктің көшірмесі (паспорт);

– кадрлар туралы жеке парақ;

– білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжаттардың көшірмелері;

– белгіленген тәртіппен берілген сотталғандығы бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;

– бар болса, білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпарат (басшылықтың алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстары және т.б.).

Құжаттарды қабылдау хабарлама жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Теміртау қ., Республика даңғылы, 30 Адами ресурстар департаменті (221 бөлме) мекенжайы бойынша немесе info@kgiu.kz  электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Анықтама үшін телефон: 8 (7213) 91-02-40


Просмотров: 569
15.12.2020, 16:08:41, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар