«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
[Дата публикации: 14.12.2020, 14:44:04, жариялауды: Әкімшілік]
Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 101400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30.
Бос жұмыс орындарының атауы:
– аға оқытушы – 3 мөлшерлеме (2-бірл. – «Материалдарды қысыммен өңдеу» кафедрасы, 1- бірл. – «Экономика және бизнес» кафедрасы);
Болжалды еңбекақы – 129000 теңге, еңбекақы + ғылыми дәреже.
Аға оқытушының жұмыс сипаттамасы:
Оқытылатын пән бойынша немесе оқу сабақтарының жекелеген түрлері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады және өткізеді; ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық және құқықтық білімді насихаттауға, кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының бір бағыты бойынша жұмысқа қатысады; студенттердің оқу, арнайы, ғылыми әдебиеттермен, оқу құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады, эксперименттер жүргізуге және нәтижелерді жалпылауға үйретеді; оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізеді; оқу сабақтарының сапасын бақылайды; оқылатын пәндерге арналған жұмыс бағдарламаларын жасайды; кафедраның оқулықтарын, оқу-әдістемелік кешендерін, жұмыс бағдарламаларын және басқа да оқу-әдістемелік әзірлемелерді дайындауға қатысады; қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық технологиялар мен жұмыстың әдістемелік құралдарына иелік етеді; студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен өзіндік жұмыстарына жетекшілік етеді; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрттен қорғау ережелерін сақтайды.
Аға оқытушы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
- Жоғары (маман) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (ғылыми-педагогикалық бағыттағы) білімді.
- Ғылыми-педагогикалық қызметтің кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі немесе мамандық бойынша (жұмыс бейіні) практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
- Оқу құралының болуы.
- Соңғы бес жылдағы біліктілікті арттыру құжаттары.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі;
– фотосуреті бар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме;
– Басқарма төрағасы-ректордың атына өтініш;
– жеке куәліктің көшірмесі (паспорт);
– кадрлық жеке парақ;
– білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы, нотариат куәландырған құжаттардың көшірмелері;
– белгіленген тәртіппен берілген сотталғандығы бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
– алдын-ала медициналық тексеруден өткендігі туралы құжат;
– конкурсқа қатысушының тіркелмегендігі туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
– конкурсқа қатысушының жүйке-психиатриялық ұйымда тіркелмегендігі туралы анықтамасы;
– соңғы жұмыс орнынан ұсыныс;
– конкурсқа қатысушы оқытамын деген пәндердің презентациясы (электронды түрде, 10 слайдтан аспайды);
– білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпарат (алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсыныстары және т.б.).
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Теміртау қ., Республика даңғылы, 30 мекенжайы бойынша немесе info@kgiu.kz электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Қарағанды индустриялық университеті жоғары білікті мамандарға қызметтік пәтер ұсынады.
Анықтама үшін телефон: 8 (7213) 91-02-40
Просмотров: 476