“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды Ғылым және инновация департаментінің директоры

[Дата публикации: 15.12.2020, 16:05:47, жариялауды: Әкімшілік]

 

Ұйымның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, 101400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30.

Бос жұмыс орындарының атауы:

– Ғылым және инновация департаментінің директоры – 1 мөлшерлемелі.

Ғылым және инновация департаменті директорының қысқаша сипаттамасы:

Университет қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, университеттің ғылыми-инновациялық қызметін ұйымдастыру, университеттің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарын, нұсқаулықтары мен шешімдерін орындауы бойынша іс-шараларды әзірлеу, әкімшіліктің ағымдағы жедел мәжілістері, ғылыми-инновациялық қызмет мәселелері бойынша өткізіліп отырған кеңестер, ұйымдастырушылық жұмыстар ғылыми жұмыстарға арналған тақырыптарды қалыптастыру, олардың орындалуын бақылау, нормативтік құжаттардың, құжаттардың, нормативтік құқықтық актілердің және басқа да ұсынымдық құжаттар мен ғылыми-инновациялық қызметке бұйрықтардың орындалуын қамтамасыз ету.

Ғылым және инновация департаментінің директоры лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

– жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімнің болуы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

– фотосуреті бар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме;

– Басқарма төрағасы-ректордың атына өтініш;

– жеке куәліктің көшірмесі (паспорт);

– кадрлық туралы жеке парақ;

– білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжаттардың көшірмелері;

– белгіленген тәртіппен берілген сотталғандығы бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;

– бар болса, білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпарат (басшылықтың алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстары және т.б.).

Құжаттарды қабылдау хабарлама жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Теміртау қ., Республика даңғылы, 30 Адами ресурстар департаменті (221 бөлме) мекенжайы бойынша немесе info@kgiu.kz  электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Анықтама үшін телефон: 8 (7213) 91-02-40


Просмотров: 457
15.12.2020, 16:05:47, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар