“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қарағанды индустриялық университетінің ұжымы Вадим Борисович Басинді «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен, ерекше белгі – Алтын Жұлдыз және «Отан» орденімен жоғары награда алуымен құттықтайды.

[Дата публикации: 09.12.2020, 10:21:35, жариялауды: Әкімшілік]

 

Біз Вадим Борисовичтің «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен біздің университет арасындағы білікті кадрларды даярлауға бағытталған серіктестік қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз.

Металлургиялық зауытта ҚарИУ студенттері өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өтеді. Университет  қабырғасында білім алған жоғары білікті мамандар кейіннен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ еңбек жолдарын бастап, әртүрлі деңгейдегі көшбасшылар мансабына жетеді. Біз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және біздің университет арасындағы ынтымақтастықтың жемісті әрі тиімді екендігіне мақтанамыз.

Вадим Борисовичке денсаулық, жұмысына сәттілік, жаңа жеңістер мен жаңа биіктерге жетуді тілейміз!


Просмотров: 618
09.12.2020, 10:21:35, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар