“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ студенттері мен оқытушыларының назарына! Ертең, 08.12.2020ж, Platonus AАЖ техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Platonus ААЖ жұмыс істемейді. Түсінгеніңізге рахмет!

[Дата публикации: 09.12.2020, 11:08:08, жариялауды: Әкімшілік]

 

9 желтоқсан – жыл сайын Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Сыбайлас жемқорлық – бұл елдің барлық азаматтарына қатысты проблема. 2003 жылы осы күні Мексиканың Мерида қаласында Жоғары деңгейдегі саяси конференцияда 2003 жылдың 1 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ Конвенциясы ашылды.

Құжат оған қол қойған мемлекеттерді пара алу, бюджеттік қаражатты жымқыру және сыбайлас жемқорлық жолмен алынған кірістерді заңдастыру қылмыс туралы жариялауға міндеттейді. Конвенцияның бір ережесіне сәйкес, қаражатты олар сыбайлас жемқорлық нәтижесінде келген елге қайтару қажет. 2003 жылғы Конвенция – мұндай бірінші конвенция. Бұл барлық құрылымдардағы сыбайлас жемқорлық ұлттық әл-ауқатқа зиян келтіретін елдер үшін өте маңызды.

Бүгінде Конвенцияға 140 жуық мемлекет қол қойып, оны 80 жуық мемлекет ратификациялады. Қазақстан бұл Конвенцияны 2008 жылдың мамырында ратификациялады.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізіп келеді және барлық мемлекеттермен және тиісті халықаралық ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы майданда сындарлы өзара әрекеттесуге дайын.

Қазақстан сыбайлас жемқорлықтан ада мемлекет құруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүргізеді. Бұл мақсатқа жетудің шешуші міндеттері – ашық мемлекет қалыптастыру, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайды жақсарту.


Просмотров: 591
09.12.2020, 11:08:08, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар