“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Бизнес баспалдағы бойынша» викторинасы

[Дата публикации: 05.11.2020, 14:15:59, жариялауды: Әкімшілік]

 

«Экономика және құрылыс» факультетінің әдістемелік апталығы аясында 2020 жылдың 3 қарашасында білімді игеруге және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін, кәсіби бағдарланған «Бухгалтерлік есеп негіздері» тақырыбында «Бизнес баспалдағы бойынша» викторина өткізілді.

Викторинаны «Экономика және құрылыс» факультетінің аға оқытушысы М.А.Латыпова кЕжА-17, кЕжА-18, кЕжА-18s топтарымен бірге өткізді.

Викторинаның мақсаты «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәні бойынша білімдерін тексеру, зейінін, есте сақтауын және логикалық ойлауын дамытуға ықпал ету.

Ойын бірнеше кезеңдерден тұрады, олар шартты түрде пәннің теориялық және практикалық материалын білуге бөлінеді.

Ойын барысында студенттер қойылған сұрақтарға жауап іздеп, жинақталған білімдерін пайдаланды, деректерді талдау, жүйелеу, жалпылау мен қорытынды жасау қабілетін көрсетті.

Белгілі бір жағдайда туындаған мәселені шеумен, студенттер өздерінің білімдерінің деңгейін және мүмкіндіктерін сезінді, бұл болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде өз бетінше жауапты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Викторинаның соңында дұрыс жауаптар саны мен алынған ұпайларды ескере отырып, нәтижелер шығарылды. Көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.


Просмотров: 516
05.11.2020, 14:15:59, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар