“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚарИУ «Бір тағдыр, бір халық» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді

[Дата публикации: 20.11.2020, 11:22:00, жариялауды: Әкімшілік]

 

Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге байланысты, Қарағанды индустриялық университетінде «Экономика және құрылыс» факультетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының оқытушысы Д.Н. Искакова кЕжА-20 және кЭжБ-20 топтарының студенттерімен бірге, 16.11.2020 – 19.11.2020ж. аралығында. желіде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік  құрылыстың қазақстандық моделін қалыптастырудағы рөліне арналған кураторлық сағаттар топтамасын өткізді. Студенттерге «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінің «Өркендеу жолы» және «Бір халық, бір тағдыр» деректі фильмдері көрсетілді.

Барлық студенттер фильмдерді талқылауда белсенділік танытты. Ал кЕжА-20 және кЭжБ-20 топтарының студенттері Адиля Жарасбаева мен Сабина Жақсыбаева бейнежазбаларын да жазып алды.

«Бір тағдыр, бір халық» фильмінде басқа елдер үшін бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың үлгісіне айналған ұлтаралық бірлік пен конфессияаралық келісімнің бірегей қазақстандық моделі сипаттамасына назар аударылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы мен жұмысына ерекше назар аударылады.

Барлық фильмдерде Елбасының жүргізіліп жатқан реформалардағы іргелі рөлін ашуға, бұрын белгісіз болған фактілерді және оларды іс жүзінде жүзеге асырудың қызықты бөліктерімен таныстуға ерекше назар аударылды.

ҚарИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 538
20.11.2020, 11:22:00, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар