“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРАҒАНДЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРДЫҢ ОНЛАЙН-ДӘРІСІ ӨТКІЗІЛДІ

[Дата публикации: 04.11.2020, 17:01:53, жариялауды: Әкімшілік]

 

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жыл сайын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының профессорлары біздің университет студенттеріне дәрістер оқиды. Карантин кезеңі өз түзетулерін енгізді және биыл ондай дәрістер онлайн режимінде өткізілуде. Қазіргі уақытта «Саясаттану және халықаралық қатынастар» пәні бойынша дәрістер курсын Линк Кампус Университеті (Италия) Зияткерлік және стратегиялық зерттеулер ғылыми-зерттеу орталығының профессоры Алессандро Фигус оқиды.

Бірінші курстың магистранттары оның басшылығымен қашықтықтағы технологиялар арқылы оқиды. Профессор Алессандро Фигус мемлекеттік саясат, халықаралық қатынастар мен федерализм және үкіметаралық қатынастар саласындағы зерттеулермен айналысады. Оның қазіргі жобасы Қазақстанға, посткеңестік әлемге, жаһандануға, Еуропалық Одақтың ұйымына және экологиялық құзыреттерді бейімдеуге қатысты тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар, профессор тұрақты дамуға, білім беру тақырыбына үлкен көңіл бөледі.

Мұндай серіктестік виртуалды академиялық ұтқырлықты дамытуға және халықаралық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.


Просмотров: 477
04.11.2020, 17:01:53, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар