«ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ
[Дата публикации: 11.11.2020, 10:18:47, жариялауды: Әкімшілік]
2020ж. 06 қарашада «Құрылыс және экономика» факультетінің ғылыми-әдістемелік апталық аясында «Қазақ, орыс және шетел тілдері» кафедрасы «Қашықтықтан оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы семинар-тренингін өткізді. Шараға жауапты кафедраның аға оқытушысы г.ғ.м. Ж.К.Капашева әдістемелік қызмет көрсетудегі ұтқырлық формаларын кеңейту мақсатында семинар-тренинг жұмысын ««Өрлеу»біліктілікті арттыру орталығы» АҚ-ның филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлесе оңтайлы ұйымдастырды.
Шараға әдістемелік қолдау көрсеткен директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары ф.ғ.к., доцент М.А. Жетпісбаева, «Тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушылары п.ғ.м. У.А.Майбасова мен А.К.Шадетова оқытудың сандық технологиясы жағдайында оқу әрекетін ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдері бойынша теориялық және практикалық тұрғыдан әдістемелік ұсынымдар берді.
Университет оқытушылары үшін аудиосабақ, видеосабақ түрлерін ұйымдастыруда интернет платормаларды пайдаланудың түрлі тиімді тәсілдері көрсетілді.
Қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтың құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шара әдістемелік тұрғыдан өте маңызды да құнды болды.
Просмотров: 692