АРАЛАС ЖЕКПЕ-ЖЕК БОЙЫНША ҮШ РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АРДАҚ НАЗАРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТКІЗІЛДІ
[Дата публикации: 02.11.2020, 15:03:20, жариялауды: Әкімшілік]
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен өткен аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіпқой спортшы Ардақ Назаровпен өткізілген «Адалдық сағаты» атты кезекті онлайн-дәріске «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері, Қарағанды индустриялық университетінің студенттері және өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері қатысты.
Бейне дәрістің кейіпкері өзінің спорттық қызметін 1991 жылы грек-рим күресі секциясынан бастаған.
Ардақ Назаров өзінің кейінгі мансабында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп және көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп, грек-рим күресі, дзюцитсу және панкратион бойынша аудандық, облыстық және республикалық жарыстардың жүлдегері болды.
Сұхбат барысында танымал спортшы жастарды отансүйгіштікке, адалдыққа шақыра отырып, отбасы құндылығы, бірлік пен өзара сыйластық туралы ойымен бөлісті.
Ол атап өткендей: «Құрметті адам дегеніміз – ішкі кемелдікке және рухани-адамгершілік дамуға қол жеткізген, ақ пен қараның шекарасын нақты ажырата отырып, дұрыс шешім қабылдауды білетін ақылды адам».
Ардақ Назаров қазіргі жастардың бойында кітап оқуға және өзін-өзі дамытуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Ол өзінің барлық жеңістері мен жетістіктерін қажырлы еңбекпен байланыстырады, «басқа спортшылар аптасына 3 рет жаттығу жасағанда, мен 13 рет жаттығу жасадым, олар таңертең екі сағатты сабақ өткізгенде, мен екі есе көп жасадым», – деді ол.
Бүгінде әлем чемпионы көпке үлгі. Әр кездесуінде ол жастарды мақсатына жету жолында аянбай еңбек етуге, үлкендерді сыйлауға, Отанды сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
Қазақстанның көрнекті тұлғаларын тарта отырып, «Адалдық сағаты» акциясы аясында жастар арасында адалдық идеологиясын насихаттау жалғасады.
ҚарИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 618