“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚАРИУ «ЖАСТАР ЖЫЛЫ – ЖАСТАР БАСАМАЛАРЫН ҚОЛДАУ ПЛАТФОРМАСЫ» АТТЫ ПІКІРТАЛАС САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

[Дата публикации: 28.10.2020, 17:21:58, жариялауды: Әкімшілік]

 

2020 жылдың 28 қазанында Қарағанды индустриялық университетінде онлайн пікірсайыс турнирі өтті, оның басты тақырыбы «Жастар жылы – жастар бастамаларын қолдау платформасы».

Пікірталас турнирі аясында тәжірибелі пікірсайысшылардан да, жаңадан келгендерден – біздің университеттің пікір талас негіздерін енді үйрене бастаған бірінші курс студенттерінен тұратын жеті фракция қатысты.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі департамент және ҚарИУ «Абадан» студенттердің пікірталас клубы.

ҚарИУ «Абадан» студенттердің пікірталас клубы тек қалалық емес, облыстық және республикалық пікірталас турнирлердің белсенді қатысушысы болып табылатынын атап өту керек.

Турнир  барысында бірінші курс студенттері лайықты ойын және өз көзқарастарын қорғаудың тамаша қабілеттерін көрсетті.

Ойын  қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1 орын: «Мерей» фракциясы, спикерлер Мерей Сағат және Лаура Сейдахмет.

ІІ орын: «Оптимус» фракциясы, спикерлер Назерке Әбдірах және Көркем Ермек.

ІІІ орын: «Монстр» фракциясы, спикерлер Аяулым Сағындық және Бекболат Нұржан.

«Линкольн-Дуглас» форматы аясында Мерей Сағат Үздік спикер, Аружан Нышанбай Үздік төреші, Мейрамбек Сериков Үздік пікірсайысшы деп танылды.

Біздің университеттің студенттері тамаша ойын, шешендік шеберлік пен талқылауға деген қабілеттіліктерін көрсетті.

Бұл  биылғы маусымдағы алғашқы пікірталас турнирі, біз жарқын пікірсайыс турнирлерінің жалғасын күтеміз!

 

ҚарИУ баспасөз қызметі

 

 

Пресс-служба КарИУ


Просмотров: 620
28.10.2020, 17:21:58, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар